ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Бибісара Асаубаева шахмат Олимпиадасында алғашқы жеңісіне жетті

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының төртінші турында Арменияны жеңді. 

Бибісара Асаубаева шахмат Олимпиадасында алғашқы жеңісіне жетті
Спортты дамыту дирекциясы

Армениядан басым түсті

Қазақстандық шахматшылар кездесуді 3:1 есебімен аяқтады. Бірінші тақтада қара тастармен ойнаған Бибісара Асаубаева (2536) Лилит Мкртчянды (2353) жеңді. Бұл — қазақстандық гроссмейстердің биылғы Олимпиададағы алғашқы жеңісі.

Елназ Қалиахмет (2347) те қара тастармен Сусанна Габояннан (2179) басым түсті.

Қалған екі партияда жеңімпаз анықталған жоқ:

Алуа Нұрман — Мариам Мкртчян — 0,5:0,5;

Меруерт Қамалиденова — Элина Даниелян — 0,5:0,5.

Төрт кездесуде төрт жеңіс

Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиададағы жеңісті сериясын жалғастырып, қатарынан төртінші матчын ұтты. Ұлттық команда мүмкін болған сегіз ұпайдың барлығын жинады.

Бұған дейін қазақстандық шахматшылар Ботсвананы 4:0, Босния және Герцеговинаны 3:1 есебімен жеңген. Үшінші турда Словения құрамасынан 3,5:0,5 нәтижесімен айқын басым түскен еді.

Ерлер Жапонияны жеңді 

Ерлер арасындағы турнирде Қазақстан құрамасы бастапқы рейтингте 76-орынға жайғасқан Жапониямен күш сынасты. Кездесудің айқын фавориті саналған шахматшыларымыз сенімді ойнап, Олимпиададағы үшінші жеңісіне жетті. Есеп: 3,5:0,5.

Ертең бесінші турдың партиялары өтеді. 11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйекте аяқталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?