ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Қазақстандық шахматшылар Олимпиадада Германияны жеңді
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық шахматшылар Олимпиадада Германияны жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының бесінші турында Германияны ұтты. Ал ерлер командасы Эстониямен тең түсті.

Меруерт Қамалиденова жеңісті қамтамасыз етті

Қазақстандық шахматшылар турнирдің бесінші турында Германия құрамасымен кездесті. Тартысты өткен матч 2,5:1,5 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.

ҚР Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, команданың жеңісіне Меруерт Қамалиденованың нәтижесі әсер етті. Ол Ханна Мари Клектен басым түсті. Қалған үш тақтадағы партияда жеңімпаз анықталған жоқ.

Әйелдер арасындағы нәтиже: 

Қазақстан – Германия — 2,5:1,5

  • Бибісара Асаубаева – Динара Вагнер — тең ойын;
  • Алуа Нұрман – Элизабет Петц — тең ойын;
  • Меруерт Қамалиденова – Ханна Мари Клек — Қазақстанның жеңісі;
  • Елназ Қалияхмет – Яна Шнайдер — тең ойын.

Әйелдер бәсекесіне барлығы 189 команда қатысып жатыр.

Қазақстан мен Эстония тең түсті

Ерлер құрамасы бесінші турда Эстониямен ойнап, 2:2 есебімен тең тарқасты.

Қазақстан сапынан Сауат Нұрғалиев жеңіске жетіп, команда қоржынына маңызды ұпай қосты. Денис Махнев пен Даниял Сәпенов қарсыластарымен тең ойнаса, Аңсат Алдияр өз партиясында жеңіліс тапты.

Ерлер арасындағы нәтиже: 

Қазақстан – Эстония — 2:2

  • Денис Махнев – Илья Сирош — тең ойын;
  • Сауат Нұрғалиев – Кирилл Чукавин — Қазақстанның жеңісі;
  • Даниял Сәпенов – Меэлис Канеп — тең ойын;
  • Аңсат Алдияр – Дион Кривенко — Қазақстанның жеңілісі.

Ерлер турнирінде 205 ұлттық құрама бақ сынап жатыр. Шахмат олимпиадасының алтыншы тур ойындары ертең өтеді.

Жарнама
Жарнама