ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Милад Карими Азиада-2026 "алтынына" таласады
24.kz

Милад Карими Азиада-2026 "алтынына" таласады

Қазақстан атынан төрт спортшы өнер көрсеткен еді. Алайда ақтық сынға тек Милад Карими ғана жолдама алды.

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында еркін жаттығудан финалға жолдама алды.

Бүгін спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі өтіп, Қазақстан атынан төрт спортшы өнер көрсетті.

Карими алтыншы орынмен финалға өтті

Еркін жаттығуда қазақстандық гимнасттардың нәтижесі төмендегідей болды:

  • Ілияс Азизов – 20-орын
  • Нұртан Ыдырысов – 18-орын
  • Дмитрий Патанин – 13-орын
  • Милад Карими – 6-орын

Осылайша, төрт қазақстандықтың арасынан тек Милад Карими үздік сегіздікке еніп, финалға шықты. Медаль үшін күрес 24 қыркүйекте өтеді. 

Милад Каримидің жетістіктері

Милад Карими халықаралық жарыстарда бірнеше ірі жетістікке қол жеткізген. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, Универсиада жеңімпазы және Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Сондай-ақ ол 2018 және 2023 жылдардағы Азия ойындарына, 2021 және 2024 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысты.

Жарнама
Жарнама