Қазақстан Азия ойындарында ушудан қола медаль иеленді
70 келіге дейінгі ушу-саньда бәсекесінің жартылай финалында Әлижан Аблағатов Иран өкілі Эрфан Мохаррамимен кездесті.
Қазақстандық ушу шебері Әлижан Аблағатов Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.
70 келіге дейінгі ушу-саньда бәсекесінің жартылай финалында ол Иран өкілі Эрфан Мохаррамимен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша Мохаррами ұпай айырмасымен жеңіске жетіп, финалға шықты. Ал Әлижан Аблағатов жарысты қола медальмен аяқтады.
Қазақстанның тағы бір спортшысы жартылай финалда
Бүгін Қазақстан атынан тағы бір ушу шебері финал жолдамасы үшін сынға түседі.
75 келіге дейінгі салмақта Абдулрашид Абдуллаев Қытай Тайбэйінің өкілі Чжан Хуан йимен кездеседі. Финалдық жекпе-жектер 24 қыркүйекке жоспарланған.
Еске салайық, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте ресми түрде басталды. Жарыстар Жапонияда 4 қазанға дейін жалғасады.