Қазақстандық гимнастшы Азияның үздіктері қатарына енді
Қазақстан атынан өнер көрсеткен тағы бір спортшы Роман Барков финалда сегізінші орын алды.
Қазақстандық гимнастшы Ерлан Тасмағамбетов Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында батутта секіруден қола жүлдеге ие болды.
Қазақстан өкілі жарыстың суперфиналына шығып, шешуші кезеңде үздік үштікке енді.
Суперфиналдағы жаттығуы үшін Ерлан Тасмағамбетов 54,69 ұпай алып, үшінші орынға тұрақтады.
Алтын мен күміс Қытайға бұйырды
Жарыстың жеңімпазы Қытай спортшысы Янь Ланъюй атанды. Ол 65,09 ұпай жинады.
Оның отандасы Ван Цзысай 63,83 ұпаймен екінші орын алып, күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан атынан өнер көрсеткен тағы бір спортшы Роман Барков финалда сегізінші орын алды.
Бұл нәтиже оған суперфиналға жолдама алуға мүмкіндік бермеді.
Жарнама
Жарнама