Қазақстан қоржынына тоғызыншы "алтын" түсті
Ясмина Тоқсанбаева мәреге 3 сағат 22 минут 20 секундта жетті.
Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.
Ол әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүрісте бірінші орын алып, Қазақстан құрамасына жарыстағы тоғызыншы алтын медальды әкелді. Ясмина Тоқсанбаева мәреге 3 сағат 22 минут 20 секундта жетті.
Екінші орынды қытайлық Даньчжэнь Гоцзун иеленді. Оның нәтижесі – 3:26.09.
Қола медаль тағы бір қытайлық спортшы Ма Лиге бұйырды. Ол қашықтықты 3:32.26 уақытта аяқтады.
Қазақстан қоржынында тоғыз алтын
Тоқсанбаеваның жеңісіне дейін Қазақстан құрамасының еншісінде сегіз алтын медаль болған.
Айта кетейік, жуырда отандасымыз Алина Чистякова Азия ойындарында Қазақстанға 20 жыл күткен жүлдені сыйлады.
Бұл туралы не ойлайсыз?