Қазақстандық гимнаст Азияның үздіктері қатарына енді
Ерлан Тасмағамбетов Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында батутта секіруден қола жүлдеге ие болды.
Ол жарыстың суперфиналына шығып, шешуші кезеңде үздік үштікке енді. Суперфиналдағы жаттығуы үшін Ерлан Тасмағамбетов 54,69 ұпай алып, үшінші орынға тұрақтады.
Жарыстың жеңімпазы болып қытайлық Янь Ланъюй атанды. Ол 65,09 ұпай жинады. Оның отандасы Ван Цзысай 63,83 ұпаймен күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан атынан өнер көрсеткен тағы бір гимнаст Роман Барков финалда сегізінші орын алды. Бұл нәтиже оған суперфиналға жолдама алуға мүмкіндік бермеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?