"Ақтөбе" "Қайратқа" қарсы камбэк жасап, көшбасшылықты қайтарды
Алматылық "Қайрат" футзалдан Қазақстан чемпионатында сырт алаңда "Ақтөбемен" тең түсті.
"Қайрат" екі доп айырмасымен алда болды
Ойынның 10-минутында Азат Валиуллин қонақтарды алға шығарды. Дегенмен араға көп уақыт салмай Нұрқанат Бақтияров есепті теңестірді.
Үзілістен кейін Валиуллин 23-минутта тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Ал 30-минутта Алмас Иманбеков "Қайраттың" басымдығын екі допқа жеткізді.
"Ақтөбе" соңғы минуттарда ойынды құтқарды
Дегенмен алаң иелері матчтың тағдырын өзгерте алды. Сол 30-минутта Асхат Құлбаев есеп айырмасын қысқартты.
35-минутта Нұрқанат Бақтияров екінші голын соғып, дубль жасады. Осылайша "Ақтөбе" жеңілістен құтылып, матчты тең аяқтады – 3:3.
Бұл тең ойыннан кейін "Ақтөбе" 13 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға қайта көтерілді. Ал "Қайраттың" еншісінде 10 ұпай бар. Алматылықтар үшінші орында тұр.