Қазақстан құзға өрмелеуден Жапонияда үздік үштікке енді
Дамир Тоқтаров Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында құзға өрмелеуден қола жүлдегер атанды.
Жылдамдық сайысында үздік үштікке енді
Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азиадада Дамир Тоқтаров жылдамдыққа өрмелеу дисциплинасында үшінші орын иеленді.
Қазақстандық спортшы 7,342 секунд нәтижемен қола медаль жеңіп алып, ұлттық құраманың жүлде қоржынын толықтырды.
Әмір Маймұратов финалдық кезеңге өте алмады
Бұл сайыста Қазақстан атынан Әмір Маймұратов та өнер көрсетті. Бірақ ұлттық құрама көшбасшысы турнирдің финалдық кезеңіне жолдама ала алмады.
Осылайша құзға өрмелеудің жылдамдық сайысында Қазақстанға жүлдені Дамир Тоқтаров әкелді.
Жарнама
Жарнама