Темірлан Тілеулес Азиада финалы үшін жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық таеквондошы Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты.
Бұған дейін Темірлан жарыстағы алғашқы кездесуінде Оман спортшысы Нибрас Аль Тукиді жеңген еді. 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін таеквондошы осы нәтижесінің арқасында кемінде қола медаль иеленді.
Темірлан Тілеулес жарыстың 1/8 финалдық кезеңінде ирандық Аболфазл Зандиагхуримен кездесті. Жекпе-жек қазақстандық таеквондошының пайдасына шешілді. Есеп - 2:0.
Бұған дейін Темірлан жарыстағы алғашқы кездесуінде омандық Нибрас Аль Тукиді жеңген еді. Енді отандасымыз финал жолдамасы үшін сынға түседі.
Жарнама
Жарнама