Танымал ММА майталманы құтқарушылар қатарына қосылды

Редактор Penalty.kz
15.09.2024, 17:25

Бұл туралы еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

NUR.KZ

Еліміздің белгілі спортшысы, аралас жекпе-жек шебері Артем Резников құтқарушылар қатарына қосылды. 

ТЖМ ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, енді Резников Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде еңбек етеді. Ол спорт идеологиясын насихаттау, халықаралық спорт аренасында құтқарушылардың имиджін арттырумен айналысады. 

Айта кетейік, Артем Резников 1992 жылы дүниеге келген. Риддер қаласының тумасы. «Alash Pride» ұйымының жеңімпазы. Жеңіл салмақта АСА гран-приінің финалисі.