Перизат Қайрат екі ай қамауға алынды

Редактор Penalty.kz
16.11.2024, 16:23

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

ulysmedia.kz

Пара үстел теннисі федерациясының бұрынғы президенті Перизат Қайрат сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті Перизат Қайратқа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті Перизат Қайратқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына көмек ретінде жиналған 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген болатын. Қазір осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.