Қазақстандық конькиші төрт құрлық чемпионатында «алтын» алды
17.11.2024, 16:11
Байрақты бәсеке Жапонияда өтті.
BaigeNews.kz
Қазақстандық спортшы Виталий Щиголев Жапонияның Хатинохе қаласында өткен конькимен жүгіру спорты бойынша төрт құрлық чемпионатында алтын медальға ие болды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Виталий Щиголев ерлер арасындағы масс-старт жарысында мәреге 8:22.05 секундта жетіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Екінші орынды канадалық Дэвид Да Ру (8:22.12), ал үшінші орынды Хэйден Майер (Канада, 8:22.77) иеленді.
Бұдан бөлек, Надежда Морозова 1000 метрлік қашықтықта жүгіруде күміс медальға қол жеткізді. Ал командалық спринтте қазақстандық бұрымдылар "қола" еншіледі.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс және бір қола медаль бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама