Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қысқы Азиадаға кімдер барады

Редактор Penalty.kz
01.01.2025, 18:22

Харбинде өтетін Қысқы Азияда ойындарына ел спортшыларының үш құрамы тіркелді. Бірақ байрақты бәсекеге кім қатысатынын бапкерлер анықтайды.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қысқы Азия ойындарын ұйымдастырушылармен аталған байрақты бәсекеге Қазақстанның спорт делегациясының қатысуын ұйымдастыру мәселелері бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Еліміздің спортшылары 9-Қысқы Азия ойындары бағдарламасына кірген спорттың 11 түрінің 10-ына қатысуды жоспарлап отыр.

Олар мыналар: 

1. Конькимен жүгіру спорты;

2. Шорт-трек;

3. Мәнерлеп сырғанау;

4. Хоккей;

5. Керлинг;

6. Тау шаңғысы спорты;

7. Шаңғы жарысы;

8. Фристайл (тек акробатика);

9. Биатлон;

10. Ски-альпинизм (шаңғы альпинизмі, спорттың жаңа түрі).

Қазақстан сноуборд жарыстарына қатыспайды. 

"Бүгінде Харбин-2025 Азия ойындарының аккредиттеу жүйесіне 450-ден астам адам тіркелді. Тіркелген тұлғалардың басым бөлігін спортшылар құрайды. Өйткені, алдын ала өтінім спортшылардың үш құрамымен берілген. Ал Ойындар жақындағанда бапкерлерге қатысушылардың тіркелген тізімінен Қазақстан атынан Қытайда кім өнер көрсететіндігін анықтауға тура келеді" — деді Ұлттық олимпиада комитетінен.

Жарыстар бір бірінен 260 шақырым қашықтықта орналасқан екі түрлі кластерде, атап айтқанда мұз үстіндегі спорт түрлері Харбинде, ал шаңғы спорты түрлері Ябулиде өтеді. Алғашқы жарыстар ойындардың ресми ашылу салтанаты болмай тұрып бастап кетеді. Өйткені, кейбір жарыс түрлеріне Ойындарға бөлінгеннен ұзағырақ уақыт қажет.

"Осыған байланысты спортшылар түрлі қалада болады. Барлығына арналған бірыңғай қалашық болмайды. Делегацияның барлық мүшесі ойынды ұйымдастыру комитеті белгілеген мамандандырылған, аккредиттелген қонақ үйлерге орналастырылады" — деді комитеттен. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары