Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында қанша пайда тапты

Сарапшы, спорт журналисі

Нью-Йоркте шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде рапид және блиц түрінен жүлделер сарапқа салынды. 

Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында қанша пайда тапты
azattyq-ruhy.kz

Қазақстан құрамасының сапында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова және Қазыбек Нөгербек болды. Бірақ ел спортшылары жүлделі орынға қол жеткізе алмады. Десе де үшеуі де үздік 25 спортшының қатарына ілігіп, ақшалай сыйақы алды.

Бибісара Асаубаева рапид бойынша сынға түсіп 8-орын алғаны үшін 9 мың АҚШ долларын иеленсе, блиц бойынша 5-8 орындарға жайғасып 10 мың доллар алды. Жалпы есепте 19 мың ақшалай сыйақы алды (9 956 000 тг). Ал Меруерт Камалиденова рапидтан 16-орын ($1000) алса, Қазыбек Нөгербек блицтен 22-орын иеленіп ($3000) алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір