Еркін күрестен Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан әлемдегі мықты балуандар тізіміне енді.
Ризабек 2023 жылы Сербияда еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Бұл жеңіске ол олимпиадалық емес 92 кг салмақта қол жеткізді.
Ал былтыр ақпан айында 97 кг олимпиадалық салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін күресуге үміттенген еді. Бірақ ел чемпионатының финалында өзінің басты бәсекелесі Әлішер Ерғалише есе жіберді.
Ризабек 2024 жылдың күзінде 19 жасында небәрі бір ай ішінде 20 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаттарында топ жарды.
X әлеуметтік желісіндегі Парсы парақшасында 2024 жылы әлем бойынша мұндай жетістікке әлем бойынша төрт балуан қол жеткізгені айтылды. Олардың арасында 19 және 23 жасқа дейінгі әлем чемпионаттарын қатар жеңген жапониялық Масаносуке Оно, ирандық Амирреза Масуми мен Али Ахмади және отандасымыз Ризабек Айтмұқан болып отыр.