Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Түркістан облысында тұратын 14 жастағы Мейрамбек Сілеусінов допты жерге түсірмей 7994 рет тепті.
Спорт сарапшылары бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш деп отыр. Себебі атақты Месси мен Роналдудың өзі әуедегі допты 4 мыңнан артық тебе алмаған. Мейрамбектің 8 мыңға жуық доп тебуіне 2 сағаттан астам уақыт кеткен.
Бұған дейін әуелете доп тебуден ең үздік көрсеткіш Роналдиньоға тиесілі болған. Ол допты жерге түсірмей 7432 рет тепті. Ал Мейрамбектің көрсеткіші 7994.
“Мен жарысқа 1 аптадай дайындалдым. Азанда сабаққа кетемін түсте келем. Күнде 2-3 мың ұрып тұрамын. Жарысқа барып қорқыныш ешқандай сезім болған жоқ. 8 мыңды істеймін дедім кейін бас жүлдені алдым” – дейді Мейрамбек.
Мейрамбектің рекорды әзірге құжат жүзінде бекітілмеген. Бірақ оның 3 сағатқа жуық допты түсірмей тепкенін дәлелдейтін видеолары бар. Егер рекордтар кітабына енгізу үшін қайта доп тептірсе оған да дайын. Ал оқушының осы көрсеткішіне қарап оны үлкен футбол клубтары шақырта бастаған, деп жазады 24.kz.