Бұл туралы "Семей" клубы хабарлады.
“Семей” футзал клубының қақпашылары Лео Игита мен Эвалди Джайме Futsal Planet басылымының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік 10 қақпашысының қатарына енді. Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.
"Бұл номинация біздің қақпашылардың шеберлігі мен жанқиярлығының бүкіл әлем мойындағанының куәлігі. Клубымыз Игита мен Джайменің жетістіктерін мақтан тұтып, олардың тамаша өнерлерімен бүкіл әлем бойынша мыңдаған жанкүйерлерді шабыттандырғаны үшін алғыс білдіреді", - делінген "Семейдің" Инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, "Игита" атымен танымал Леонардо де Мело Виейра Лейте бұған дейін бірнеше мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған болатын. Атап айтқанда, бұл атақты 2015, 2016 және 2018 жылдары иеленді.