"Ақ жол!" Динара Сәтжан Илья Ильиннің қызын батасымен қуантты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
21.02.2025, 10:29

Белгілі қазақстандық ауыр атлет, үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қызы Айлиге дәстүрлі "Тұсау кесу" рәсімін өткізді.

baigenews.kz

Бұл құрметті міндет танымал тележүргізуші, журналист Динара Сәтжанға бұйырды. Ол кішкентай Айлидің тұсауын кесіп, ақ жол тіледі.

“Бір жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты! Динара, шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздің алғашқы маңызды рухани тәлім мен батаңыз қызымыздың жарқын, бақытты өміріне жол ашады деп сенеміз!”, – деп жазды Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында.

Рәсім қазақ халқының дәстүрлеріне сай ұйымдастырылып, отбасы мен жақындарының ортасында ерекше көңіл-күймен өтті. Тұсау кесу – бала өміріне сәттілік пен жеңіс әкеледі деген сенімге негізделген көне дәстүр.

Қазақтың бай мұрасын дәріптеген бұл оқиға көпшіліктің ықыласына бөленді.

Қосымша ақпарат: Тұсау кесу – баланың алғашқы қадамдарын нығайтуға арналған дәстүр, онда арнайы таңдалған адам баланың болашағы жарқын болсын деген тілекпен оның тұсауын кеседі.