Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ағайынды Сабырхандар әкелеріне «қарсы» шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:54

Қазақ мақтанышы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желіде ерекше бейнежазба жариялады.

instagram/@sabyrhan_team
Реклама
Реклама

Күлкі мен қайсарлық тоғысқан сәт

Видеода Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Махмұд пен оның туған інісі Төрехан, сондай-ақ олардың әкесі көрініс табады. Екі бірдей әлем чемпионы бокс қолғаптарын киіп, әкелеріне қарсы «шартты жекпе-жекке» шығады. Алайда үйдің иесі чемпиондарға дес бермей, қолындағы қос қамшымен балаларына «нақты дайындық» ұйымдастырады.

«Үйде осылай жаттығамыз», — деп жазды Махмұд Сабырхан Instagram парақшасында.

Сабырхандар – бокс тарихындағы тұңғыш ағайынды чемпиондар

Айта кетейік, Ливерпульде өткен World Boxing чемпионатында Махмұд пен Төрехан Сабырхан қазақ спорты тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Екі туған бауыр әлем біріншілігінде қатарынан алтын медаль жеңіп алып, әлемдік әуесқой бокстың тарихына есімдерін алтын әріппен жазды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары