Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Роналду марқұм Диогу Жотаның отбасына ерекше сыйлық жолдады

Сарапшы, спорт журналисі
26.11.2025, 21:31

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Ұлттар лигасындағы жазғы жеңісті ерекше түрде атап өтті. Әлем жұлдызы ұлттық құрамадағы әріптестеріне ғана емес, қаза тапқан шабуылшы Диогу Жотаның отбасына да қымбат сыйлық жіберді. 

tribuna.com
Реклама
Реклама

Әр ойыншыға жеке сағат

Sic Noticias мәліметінше, Роналду әйгілі Jacob & Co брендімен бірлесіп, Португалия құрамасының әр ойыншысы үшін арнайы дизайндағы жеке қолсағаттар дайындауға тапсырыс берген.

Бұл сыйлықтар Ұлттар лигасындағы жеңістің құрметіне арналған. Әр ойыншының есімі мен жетістігін айшықтайтын эксклюзивті модельдерден тұрады.

Криштиану ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Португалия – Армения матчы алдында осы сағаттарды командаластарына жолдаған.

Ерекше үлгі – Диогу Жотаның отбасына

Роналду бір сағатты бөлек дайындап, оны көлік апатынан қаза тапқан Диогу Жотаның отбасына жіберген.

Португалиялық футболшы шілде айының басында жол-көлік оқиғасынан көз жұмған еді. Роналду осы қадамымен марқұм әріптесін ұмытпағанын және оның отбасы өзіне жақын екенін көрсетті.

Еске сала кетейік, Португалия Ұлттар лигасының финалында Испаниямен кездескен. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары