Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Тоғыз жылдық махаббат, бес бала және Мадейра: Роналду үйленгелі жатыр

Сарапшы, спорт журналисі
26.11.2025, 23:14

Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеспен некесін туған аралы Мадейрада қидырмақ. Jornal da Madeira және бірқатар еуропалық басылымдардың хабарлауынша, салтанат 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жазда өтеді. 

me.mashable.com
Реклама
Реклама

Той Мадейрада, рәсім – Фуншалдағы кафедралды соборда

Жоспар бойынша, некелесу рәсімі Фуншал қаласының тарихи кафедрал соборында (Sé do Funchal) өтеді. Бұл – Роналдудың туған қаласындағы ең көне ғибадатханалардың бірі, 1514 жылы ашылған және Мадейраның басты діни нысандарының қатарында саналады. 

Ал той банкеті Фуншалдағы люкс санаттағы қонақүйлердің бірінде, португалиялық басылымдардың жазуынша, аралдағы элиталық мейманханалардың бірі – Savoy Palace қонақүйінде ұйымдастырылмақ. 

Тоғыз жылдық махаббат хикаясы

Криштиану Роналдудың Джорджина Родригеспен қарым-қатынас бастағанына биыл тоғыз жыл толды. Жұп 2016 жылы Мадридте танысқаннан бері бірге өмір сүріп келеді. 

Ерлі-зайыптылардың екі ортақ қызы бар. Бұған қоса Роналдудың суррогат аналардан туған үш баласы бірге өсіп келеді. 

Осылайша болашақ келіншек Джорджина Родригес футболшының бес баласының да анасындай болып үлгерді.

40 жастағы шабуылшы сүйіктісіне 2025 жылдың тамыз айында ұсыныс жасаған. Сол сәтте ол Джорджинаға құны шамамен 5 миллион доллар тұратын зергерлік әшекей тарту еткен. Бұл – әлемдегі ең қымбат үйлену сақиналарының бірінен саналады деп жазды шетелдік таблоидтар. 

Джорджина әлеуметтік желідегі парақшасында романтикалық сәттің суреттерін бөлісіп, «Yes, I do» деп жазба қалдырған. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары