Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Алуа Балқыбековаға ерекше құрмет көрсетілді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
21.12.2025, 23:04

Алматы бокс федерациясы халықаралық ареналарда Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген танымал былғары қолғап шебері Алуа Балқыбекованы арнайы марапаттап, су жаңа автокөлік табыстады. 

Instagram/@balkibekovaas
Реклама
Реклама

Бұл қуанышты әрі маңызды сәт Алматы бокс федерациясының жылдық конференциясында жүзеге асты. Жиын аясында федерация өкілдері жыл бойы ел намысын лайықты қорғап, әлемдік деңгейде нәтижелі өнер көрсеткен спортшылардың еңбегін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар 2025 жылы халықаралық турнирлерде Қазақстанның көк байрағын биік көтерген #AlmatyBoxingTeam командасының өзге де мүшелеріне де айрықша құрмет көрсетілді. Үздік нәтиже тіркеген боксшыларға құрмет грамоталары, арнайы марапаттар және ақшалай сыйақылар табысталып, олардың қажырлы еңбегі мен тұрақты дайындығы жоғары бағаланды. 

Бұл қадам — жас спортшыларға мотивация беріп қана қоймай, Алматы боксының деңгейі мен әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеген жағымды жаңалық.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары