10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Сүйіктісі кім? Бибісара Асаубаева сақинасын көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі
04.01.2026, 13:42

Отандасымыз желтоқсан айының соңында ғана блиц шахматтан әлем чемпионы атанған болатын. 

Liter.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Instagram желісінде жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. 

Қолданушылардың бірі спортшыдан «Қазір қарым-қатынаста жүрсің бе?» — деп сұраған. 

Асаубаева бұл сұраққа сөзбен емес, стилизацияланған «love» жазуы бар алтын сақинаның суретін жариялау арқылы жауап берді. Осыдан кейін желі қолданушылары арасында түрлі болжамдар айтылып, қызу талқы басталды. 

Скриншот

Еске сала кетейік, желтоқсан айының соңында Бибісара Асаубаева үшінші рет мансабында блиц шахматтан әлем чемпионы атанды. Финалда ол украиналық шахматшы Анна Музычукты жеңді.

Сыйақы мен рейтинг

Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін қазақстандық шахматшы:

  • 40 мың еуро (шамамен 23,8 млн теңге) сыйақы алды;
  • FIDE-нің қаңтар айындағы рейтингінде 2497 ұпаймен 11-орынға жайғасты.
Реклама
Реклама