10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

UFC чемпионы әйелін ұрғаны үшін жауапқа тартылмақ

Сарапшы, спорт журналисі
04.01.2026, 15:10

Аралас жекпе-жек шеберіне тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету туралы айып тағылды. 

championat.com

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты іс бойынша сотқа шақырылды. Бұл туралы El Mundo басылымы хабарлады. Ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, Топурия жұбайы Джорджина Баделлге дене жарақатын келтірген. 

Енді осы іс бойынша алғашқы сот отырысы 7 қаңтарда өтеді. Бұл отырыста негізгі мәселе ретінде ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған қызына қамқоршылық құқығы қаралады.

Джорджина Баделл соттан баласымен бірге Испаниядан кетуге рұқсат беруді сұрағаны хабарланды.

Топурияның UFC-дегі жағдайы

Айта кетейік, Илия Топурия бұған дейін отбасылық жағдайларға байланысты UFC-дегі мансабын уақытша тоқтатқанын мәлімдеген. Оның соңғы жекпе-жегі маусым айында өтіп, бразилиялық Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғаған болатын.

Реклама
Реклама