10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзінен 10 жас үлкен актрисамен “қосақтады”: Еркебұлан Тоқтар күтпеген жауап қатты

Сарапшы, спорт журналисі
09.01.2026, 21:46

Қазақстандық актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған кезекті "жұптастыру" әңгімесіне пікір білдірді.

instagram/@erkebulan_toktar

"Бұл не масқара?" — Тоқтардың жауабы

Тоқтар жанкүйерлеріне Threads әлеуметтік желісінде үн қатып, пікір қалдырғандарды әзіл-шыны аралас ұялтқан. Оның айтуынша, бұған дейін де өзін түрлі адамдармен "қосақтаған", алайда Әсел Сағатовамен байланыстыруы тіпті орынсыз көрінген.

"Мені кіммен қоспады, бірақ Әсел Сағатовамен “жұп қылғандарың” — бұл қандай ұят? Мен онымен түсірілімде ғана амандасамын, әрі кетсе “сәлеметсіз бе” деймін", — деп жазды Еркебұлан Тоқтар.

Айта кетейік, желідегі талқылауда жанкүйерлер Сағатованың Тоқтардан 10 жас үлкен екенін де сөз еткен.

Әсел Сағатова — қазақ киносының танымал актрисасы

Әсел Сағатова қазақстандық көрерменге бірқатар белгілі фильм арқылы кеңінен таныс. Ол "Рэкетир", "Районы", "Қасқыр сағаты" секілді жобаларда және өзге де картиналарда рөл сомдаған.

Қазір Еркебұлан Тоқтар Қазақстандағы ең танымал медиа тұлғалардың бірі саналады. Ол киноға түсіп қана қоймай, ММА бағытында да жекпе-жектер өткізеді.

Реклама
Реклама