Бокстан Азия чемпионына Шымкенттен қуанышты жаңалық жетті
12.01.2026, 18:12
Ұлттық құрама боксшысы, Азия чемпионы-2025 Санжарәлі Бегалиев туған күні қарсаңында ерекше сүйінші жаңалық естігенін айтты.
instagram/@sanjaralib
Туған күндегі тосынсый
Туған күнін атап өткен Санжарәлі Бегалиев Шымкент әкімдігінен жағымды жаңалық алған. Оның айтуынша, әкім спортшыға пәтер сыйлауға уәде берген.
Боксшы бұл хабарды жариялап, тосынсыйдың ел үшін өнер көрсетіп жүрген спортшыларға жасалған қолдаудың бір көрінісі екенін меңзеді.
Бегалиевтің жетістіктері
Шымкенттен шыққан қазақстандық былғары қолғап шебері бұған дейін де халықаралық деңгейде бірнеше мәрте топ жарған:
- оқушылар арасында Азия чемпионы
- жастар арасында әлем чемпионы
- 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатының жеңімпазы
- 2025 жылғы Азия чемпионы
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама