Реклама
Реклама

Қазақтар мен қырғыздарды қорлау дауына нүкте қойыла ма? Екатерина Биволға қатысты соттың күні белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:25

Санкт-Петербургте боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қатысты іс сотта қаралмақ. Ол ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша айыпталып отыр.

sportkp.ru

Сот қашан және қайда өтеді?

Басылым мәліметінше, іс бойынша тыңдау 2026 жылғы 29 қаңтарға белгіленген. Процесс Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық сотында өтеді.

Тергеуге түрткі болған жайт – Екатерина Биволдың өткен жылдың қазан айында Telegram-арнасында жариялаған видеосы. Материалды экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері тексеріп, сараптама қорытындысында роликте қырғыз және қазақ ұлттарының өкілдерінің ар-намысына тиетін сөздер бар деп көрсетілген.

Қандай жауапкершілік қарастырылған?

Ақпаратқа сәйкес, Екатерина Биволға қатысты әкімшілік іс қозғалған. Тиісті бап санкциялары ірі көлемдегі айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу түріндегі жазаны қарастырады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ІІМ экс-жұбайын елімізге экстрадициялау мәселесін көтеруі мүмкін екені хабарланған.

Сондай-ақ, осы жылдың қазан айында Қазақстан ІІМ Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған. Одан кейін Дмитрий Биволдың бұрынғы жарына іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тараған.

Қырғызстан да іздеп жатыр

Бұған дейін Екатерина Биволдың Қырғызстанда да іздеуде жүргені жазылған. Ол жақта оған қатысты 330-бап (“Нәсілдік, этностық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты (алауыздықты) қоздыру”) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

БАҚ-та тараған деректерге сүйенсек, тексеріске себеп болған видеода Екатерина Бивол көлік тізгінінде отырып, түрлі ұлт өкілдеріне, оның ішінде қырғыздарға қатысты қорлайтын пікірлер айтқан.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайына қатысты сотта жеңіске жеткені жөнінде де ақпарат жарияланған.

Реклама
Реклама