Реклама
Реклама

"Балаларға қателесуге мүмкіндік беру керек" – Дэвид Бекхэм ұлымен болған жанжал туралы

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:52

Ағылшын футболының аңызы Дэвид Бекхэм Ұлыбританияда балаларға әлеуметтік желіні шектеу туралы талқылаулар күшейген тұста өз көзқарасын айтты. Бұл тақырып Бекхэм әулетінің ішкі жанжалы қыза түскен кезеңмен тұспа-тұс келді.

фото ашық дереккөзден алынды

Бекхэм не деді?

Дэвид Бекхэм CNBC арнасындағы Squawk Box бағдарламасына қонақ болып, әлеуметтік желілердің балалар психикасына ықпалы туралы ой бөлісті.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілердің пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар, ал бүгінгі күні балалардың түрлі контентке қол жеткізуі қауіпті болуы мүмкін. Дегенмен экс-футболшы әлеуметтік платформаларды “дұрыс мақсатта қолдануды” үйретудің маңызын атап өтті.

“Балалар қателеседі – солай үйренеді”

Бекхэм төрт баласының барын еске алып, ата-ана қанша тырысса да, баланың қателік жасайтынын жасырмады.

Ол балалардың қателесуге құқығы бар екенін айтып, дәл сол арқылы өмірлік сабақ алатынын жеткізді.

Бекхэмнің үлкен ұлы – 26 жастағы Бруклин жақында ата-анасын жұбайы, актриса Никола Пельтцпен қарым-қатынасын бұзуға тырысты деп ашық айыптаған.

Сондай-ақ БАҚ дерегінде Бруклиннің ата-анасын әлеуметтік желілерде бұғаттағаны, кейін олардың Николаны құрметтемейтінін және «бақытты отбасы» бейнесін көрсетуге тырысатынын мәлімдегені жазылған.

Бруклиннің мәлімдемесінен не белгілі?

Бруклин өз сөзінде бірнеше жайтты алға тартты:

  • ата-анасы камерасыз кездесуден бас тартқанын;
  • Никола Пельтцтің отбасылық жиындарға қатысуына шектеу қойылғанын;
  • үйлену тойына дейін қарым-қатынасты бұзуға әрекет болғанын;
  • той қарсаңында “аты-жөніне қатысты құқықтардан” бас тартуға қысым жасалғанын;
  • отбасындағы дау жеке кеңістікте емес, БАҚ арқылы өршіді деген уәжін айтты.

Оның сөзінше, отбасымен байланыс үзілгеннен кейін өзін тыныш әрі жеңіл сезіне бастаған.

Бекхэм көтерген негізгі мәселе – балаларға арналған әлеуметтік желі қауіпсіздігі. Ол шектеу қою ғана емес, сонымен бірге саналы пайдалану мәдениетін қалыптастыру қажет екенін меңзеді.

Реклама
Реклама