Реклама
Реклама

Олимпиада құрамасының бапкері ішімдікке салынып, ойындардан шеттетілді

Сарапшы, спорт журналисі
12.02.2026, 23:25

Швециялық БАҚ шаңғы трамплинінен секіруден Финляндия құрамасының бас бапкері Игорь Медведтің Милан–Кортина-2026 қысқы Олимпиадасынан уақытша шеттетіліп, елге қайтарылғанын хабарлады. 

фото ашық дереккөзден алынды

Финлянди Олимпиада комитеті не деді?

Ақпаратқа қарағанда, шешімнің алкогольмен байланысты екенін Финляндия Олимпиада комитеті де растаған. Комитеттің жоғары спорт департаментіне жауапты жетекшісі Янне Хяннинен тәртіп бұзуға өте қатаң қарайтынын айтып, жағдайға жедел әрекет ететінін мәлімдеген.

БАҚ дерегінше, 44 жастағы маман өз қателігін мойындап, команда мен жанкүйерлерден кешірім сұраған.

 Игор Медвед. ФОТО: zeit.de

Қысқаша мәлімет: бапкердің карьерасы және Финляндия нәтижесі

  • Игорь Медвед — бұрын Словения атынан өнер көрсеткен спортшы.
  • 2024 жылдан бері Финляндияның шаңғы трамплинінен секіру құрамасын баптап келеді.
  • Осы Олимпиадада фин спортшылары әзірге медаль жеңіп алған жоқ.

Қазақстандық спортшылар да жарысқа қатысты

Айта кетейік, Қазақстан атынан шаңғы трамплинінен секіруде Данил Васильев пен Илья Мизерных өнер көрсетті. Олар қалыпты трамплинде финалға өте алмай, тиісінше 34 және 39-орын алды. Алда қос спортшының үлкен трамплиндегі сыны бар.

Реклама
Реклама