Қазақстандық шахматшы 2025 жылы әлем чемпионы атанған болатын.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Forbes жариялаған ең жоғары табыс табатын әйел шахматшылар тізімінде үздік ондыққа енді.
21 жастағы спортшы жыл қорытындысы бойынша 110 мың доллардан астам табыс тауып, рейтингте жетінші орынға жайғасты.
2025 жылы Асаубаева әлем чемпионы атанып, Үлкен Швейцар турнирінде қола жүлдегер болды. Сонымен қатар, ол фристайл-турға қатысқан алғашқы қазақ қызы ретінде тарихқа енді. Бұл жетістіктер оның жылдық табысының артуына айтарлықтай ықпал етті.
Әлемдік рейтингтің көшін қытайлық Цзюй Вэньцзюнь бастап тұр. Оның табысы шамамен 382 мың долларды құрайды.