Гүлайым Рахмонова үкім шыққан күні жаңа мәлімдемесімен жұртты елең еткізді

Сарапшы, спорт журналисі
27.03.2026, 18:50

Гүлайым Рахмонова сот үкімі шыққаннан кейін әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жазба жариялап, бұрынғы отбасы ортасындағы жағдай жөнінде өз пікірін білдірді.

instagram/@kerey_khan03

Не жазды?

Гүлайым Рахмонова Instagram парақшасында өміріндегі ауыр кезеңдер туралы жазып, Шавкат Рахмоновтың анасына қатысты ренішін жеткізді. Оның сөзінше, көп жылдан бері отбасында түсініспеушілік болған. Жарияланған жазбада ол он жылдық отбасылық өмірінің алты жылы қызғаныш, өсек-аяң және қысыммен өткенін алға тартқан. Сондай-ақ UFC-дегі табыс көбейгеннен кейін өзіне деген көзқарас өзгергенін меңзеген.

Бұдан бөлек, ол ажырасуға да осы жағдайлар әсер етті деп есептейтінін жеткізді. Гүлайым Рахмонова алдағы уақытта бұл мәселеге қатысты тағы да көп нәрсе айтылуы мүмкін екенін атап өтті.

Бұл мәлімдеме қашан жасалды?

Бұл жазба Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлайым Рахмоноваға қатысты үкім шығарған күні жарияланды. Сот шешіміне сәйкес, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкіміне сай Гүлайым Рахмоноваға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен бірге сот негізгі жазаны өтеуді 5 жылға кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін қандай мәлімдеме болған еді?

Бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын мәлімдеп, спортшыны балаларынан бас тартты деп айыптаған.

Осылайша сот үкімінен кейін жарияланған жаңа жазба қоғам назарын тағы да Рахмоновтар отбасының жеке өміріне аударды.

Реклама
Реклама