Өзбекстанда Бибісара мен Жавохирге бақыт тіледі

Сарапшы, спорт журналисі
11.04.2026, 16:30

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровтың ықтимал қарым-қатынасы көрші елде де қызу талқыланып жатыр. 

sports.kz

Өзбекстандық портал не жазды?

Interesting_uz мәліметінше, Жавохир Синдаров пен Бибісара Асаубаева жанкүйерлер назарын өздеріне тағы бір мәрте аударған. Портал жазбасында Синдаровқа оң баға беріліп, Асаубаеваның да шахматтағы жоғары жетістіктері ерекше аталған.

Сондай-ақ басылымда Бибісараның блицтен үш дүркін әлем чемпионы екені, әрі әйелдер арасындағы ең жас чемпион ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгені айтылған.

Өзбекстандық портал оқырмандарды жағымсыз пікір жазбауға шақырып, егер екі жас бір-біріне ұнаса, олардың таңдауына құрметпен қарау керектігін атап өткен. Тіпті болашақта шахматшылар отбасында ерекше дарынды балалар дүниеге келуі мүмкін деген жылы әзіл де айтылған.

Бірлескен фото желіде жарияланды

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың бірге түскен суреті 9 сәуір күні қазақстандық шахматшының Telegram-арнасында жарияланған. Фото демалыс күнінен алынған сәттер топтамасына енгізілген.

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында екі гроссмейстердің қарым-қатынасына қатысты түрлі пікір тарай бастады.

Қазір Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан Үміткерлер турнирі-2026 додасына қатысып жатыр.

Реклама
Реклама