Перу полициясы ӘЧ-2026 бойтұмарлары киімімен рейд жүргізді
Соның нәтижесінде есірткі саудасына қатысы бар деген күдікті ұсталды.
Перу астанасы Лимада полиция ерекше операция жүргізді. Құқық қорғаушылар 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының бойтұмарлары кейпінде есірткі саудасына қатысы бар күдіктілерді қолға түсірді.
The Athletic мәліметінше, тергеу барысында полиция күдіктінің футболға қатты қызығатынын анықтаған. Осы ақпарат рейд жоспарын құру кезінде пайдаланылған.
Құқық қорғаушылар күдіктінің үйіне күмән тудырмай жақындау үшін ӘЧ-2026 бойтұмарларының костюмдерін киген. Кейін костюмдерін шешіп, ғимарат ішіне басып кірген.
Тінту кезінде қару мен есірткі табылды
Операция нәтижесінде полиция күдіктіні ұстады. The Sun мәліметіне қарағанда, үйді тінту кезінде қару мен есірткі заттары табылған.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүруде. Құқық қорғау органдары күдіктінің есірткі саудасындағы ықтимал байланыстарын анықтап жатыр.