Дастан Сәтпаев жанкүйеріне ерекше сый жасады

Жекпе-жек шолушысы
15.06.2026, 16:50

"Қайрат" ФК жанкүйері Дмитрий Чекаев 62 жасқа толған туған күнінде күтпеген тосынсый алды. 

NUR.kz

Дастан Сәтпаев жанкүйерін қуантты

Дмитрий Чекаев әлеуметтік желідегі парақшасында туған күнінде алған ерекше сыйлығы туралы жазды. Оның айтуынша, бұл күн футболшының ықыласы мен құрметінің арқасында ұзақ уақыт есінде қалмақ.

Дмитрийдің 62 жасқа толған туған күнінде алматылық клубтың шабуылшысы Дастан Сәтпаев оған арнайы сыйлық дайындаған.

Дастан Сәтпаев жанкүйерге “Қайраттың” сары-қара түсті ойын жейдесін сыйға тартты. Жейдеде 10-нөмір, футболшының қолтаңбасы және жеке тілегі жазылған.

Бұдан бөлек, Дмитрийге мерекелік торт, тәттілер және ақша салынған конверт табысталған.

“Бұл туған күнім ұзақ уақыт есте қалатыны анық! “Қайрат” футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтан құттықтау мен осындай керемет сыйлықтар алу өте қуанышты”, –  деп жазды жанкүйер Instagram парақшасында.

Адал жанкүйер үшін мұндай назардың орны бөлек

Дмитрий Чекаевтың сөзінше, оны ең қатты әсерлендіргені – футболшының шынайылығы мен құттықтауға жеке көңіл бөлуі.

“Адал жанкүйер үшін мұндай ықыластың бағасы жоқ”, – деді ол.

Жанкүйер жазбасының соңында Дастан Сәтпаевқа алғыс айтып, алдағы ойындарда жаңа жеңістер тіледі.

“Дастан, шынайылығың, жылы сөзің және осындай керемет тосынсыйың үшін рахмет! Алаңда әдемі жеңістерің көп болсын деп тілейміз!” – деп жазды Дмитрий.

Реклама
Реклама