Өзбекстан Бибісара Асаубаеваны құшақ-құшақ раушан гүлмен қарсы алды

Спорт шолушысы
22.06.2026, 23:06

Қазақстандық танымал шахматшыны әуежайда ерекше ықыласпен қарсы алған сәт әлеуметтік желіде жарияланды.

Instagram/@bibisarachess

Асаубаева Өзбекстанға келді

Қазақстан шахматының жарық жұлдызы, халықаралық аренада бірнеше мәрте ел намысын қорғаған Бибісара Асаубаева Өзбекстанға сапармен барды.

Әлеуметтік желіде тараған суреттерден шахматшының әуежай терминалында жылы қарсы алынғанын көруге болады. Кадрларда Бибісара Асаубаева үлкен раушан гүл шоғырымен күлімсіреп суретке түскен.

Суретті танымал блогер жариялады

Аталған фото Өзбекстандағы танымал блогер әрі инфлюенсер Мия Мураттидің әлеуметтік желідегі сторисінде пайда болды. Блогер жазбасында қазақстандық шахматшының ресми парақшасын да белгілеген.

Желі қолданушылары Асаубаеваның Өзбекстандағы сапарына қызығушылық танытып, шахматшыға көрсетілген құрметті жылы қабылдады.

Құрбысымен кездесуге барған

Бибісара Асаубаеваның айтуынша, Өзбекстан астанасына өзінің жақын құрбысы, танымал блогер Ясмина Ибрагимовамен кездесуге барған. Көпшілікке Мия Муратти есімімен танылған инфлюенсермен шахматшы сегіз айдан бері жүздеспеген.

Осыған байланысты бұл сапар спорттық жарысқа емес, жеке кездесуге арналғаны белгілі болды.

Асаубаева мен Синдаровтың қарым-қатынасы

Бұған дейін Бибісара Асаубаева мен өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров өздерінің романтикалық қарым-қатынаста екенін ресми түрде растаған. 

2026 жылдың сәуір айында қос шахматшының әлеуметтік желілерде бірге түскен алғашқы суреттері жарияланып, жанкүйерлер арасында түрлі болжамдар туындаған. Кейін шахмат қауымдастығы мен оқырмандар олардың қарым-қатынасы туралы белсенді талқылай бастады.

Сәуір айының ортасында Синдаровтың отбасы да жұпқа ашық түрде қолдау білдірді.

Реклама
Реклама