Педри Өзбекстаннан естелік сыйлық алды (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода өзбекстандық спорт тележурналисі әрі комментатор Абдурашид Одилов испаниялық футболшыға арнайы естелік магнит табыстағаны көрінеді.

Педри Өзбекстаннан естелік сыйлық алды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөздерден алынған

Педри Сауд Арабиясына қарсы ойында негізгі құрамда шықты

Педри Испания құрамасының Сауд Арабиясына қарсы кездесуде негізгі құрамда шықты. Ол матчта 70 минут ойнап, командасының сенімді жеңісіне үлес қосты.

H тобының екінші турында Испания Сауд Арабиясын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұған дейін испаниялықтар Кабо-Верде құрамасымен өткен ойында күтпеген жерден ұпай жоғалтқан. Осы жеңістен кейін Испания құрамасы төрт ұпай жинап, өз тобында бірінші орынға көтерілді.

Өзбекстан Португалияға қарсы ойнайды

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы да 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жорығын жалғастырып жатыр. K тобының екінші турында өзбекстандық футболшылар Португалия құрамасымен кездеседі.

Матч 23 маусым күні өтеді және Астана уақытымен 22:00-де басталады.