Жансая Әбдумәлік ұлын көрсетті (ФОТО)

Спорт шолушысы

Қазақстандық танымал шахматшы әлеуметтік желіде отбасылық демалыстан түсірілген суреттерін жариялады. 

Жансая Әбдумәлік ұлын көрсетті (ФОТО)
instagram/@zhansaya_abdumalik

Шахматшы әсерлі сурет жариялады

Шахматшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында бірнеше фото жариялады. Кадрлардың бірінде Жансая кішкентай ұлын қолына ұстап тұрғанын көруге болады.

Жансая Әбдумәлік отбасылық сәттер бейнеленген жазбасына қысқа ғана сипаттама қалдырған.

"Кішкентай естеліктер", — деп жазды қазақстандық шахматшы.

Бұл сурет оқырмандары арасында жылы пікір тудырды. Желі қолданушылары шахматшының отбасылық фотосына көптеген жылы лебіздер мен ізгі тілектер жазды.

Жансая Әбдумәліктің отбасы

Айта кетейік, Жансая Әбдумәліктің жұбайы — Нұрахмет Нұриев. Ол бірнеше жыл бойы "Қазақмыс" компаниясында басшылық қызмет атқарған.