Елена Рыбакина Уимблдон алдында караокедегі сүйікті әнін атады (ВИДЕО)
Қазақстандық теннисші мұны Уимблдонның баспасөз қызметі ұйымдастырған сауалнама барысында айтты.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирі қарсаңында өзінің караокедегі сүйікті әнін атады. Отандасымыз мұны Уимблдонның баспасөз қызметінің шағын сауалнамасына қатысу кезінде айтты.
Рыбакинаның айтуынша, ол 1983 жылы шыққан Eurythmics тобының әйгілі "Sweet Dreams" әнін айтуды ұнатады.
Соболенко Майкл Джексонды таңдады
Сауалнамаға басқа да әлемдік теннис жұлдыздары қатысты. WTA рейтингінің көшбасшысы, беларусь теннисшісі Арина Соболенко Майкл Джексонның "Beat It" әнін таңдады.
Америкалық Джессика Пегула Mario орындаған "Let Me Love You" трегін атады. Ал Кори Гауфф Рианнаның "Love on the Brain" композициясын таңдаған.
Еске салайық, Елена Рыбакина бұған дейін Уимблдон-2026 турниріне дайындықты бастап кеткен болатын. Қазақстандық теннисші Лондондағы корттарда жаттығу өткізіп жатыр.
Рыбакина үшін Уимблдон ерекше турнир саналады. Ол 2022 жылы осы жарыста чемпион атанып, Қазақстан теннисі тарихындағы ең ірі жетістіктердің біріне қол жеткізген еді.