Желіде Төрехан Сабырхан мен белгілі модельдің қарым-қатынасы қызу талқыланып жатыр
Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Төрехан Сабырхан мен танымал блогер әрі модель Еркеназ Әбілованың арасында роман болуы мүмкін деген әңгіме әлеуметтік желіде кең тарап жатыр.
Қауесет қалай басталды?
Әлеуметтік желі қолданушылары соңғы күндері Төрехан Сабырхан мен Еркеназ Әбілованың ықтимал қарым-қатынасы туралы жиі жаза бастады. Qirtosek дереккөзінің жазуынша, бұл тақырыптың желіде қызу талқыланып жатқанын хабарлады.
Бәрі шамамен бір ай бұрын TikTok желісіндегі “подписчик стал один” трендінен басталған. Бұл жарияланымға Төрехан Сабырхан пікір қалдырып, кейін оны өз сторисіне бөліскен.
Қауесетті күшейткен тағы бір жағдай – Төрехан Сабырхан мен Еркеназ Әбілованың Шымкентте “Ордабасы” – “Қайрат” футбол матчында бірге көрінуі. Кейбір желі қолданушылары оларды стадионда бірге байқағанын айтқан.
Тіпті куәгерлердің бір бөлігі олардың қол ұстасып жүргенін алға тартқан. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Instagram-дағы белсенділік те назарға ілікті
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Сабырхан мен Әбілова Instagram-да бір-бірінің жазбаларына жиі лайк басқан. Бірақ олардың ықтимал қарым-қатынасы туралы алғашқы әңгімелер шыққаннан кейін екеуі бір-бірінен жазылымнан шыққан көрінеді.
Қазір Төрехан Сабырхан да, Еркеназ Әбілова да бұл тақырыпқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан олардың арасындағы роман туралы ақпарат әзірге тек қауесет деңгейінде қалып отыр.
Еркеназ Әбілова туралы не белгілі?
Еркеназ Әбілова – Алматыдан шыққан 20 жастағы инфлюенсер әрі модель. Әлеуметтік желіде оның аудиториясы өте үлкен: Instagram парақшасына шамамен 380 мыңға жуық адам жазылған.
Сондай-ақ Еркеназ – қазақстандық танымал блогер Мерей Әбілованың туған сіңлісі. Мерей Әбілова футболшы Дінмұхамед Қашкеннің жұбайы ретінде де көпшілікке таныс.