Жарнама
Жарнама

"Қаным бір бауырым": Дастан Сәтпаевтың ағасы ерекше құттықтау жасады

Футболшының туған күніне орай ағасы Дархан Сәтпаев әлеуметтік желіде архивтік сурет жариялады.

"Қаным бір бауырым": Дастан Сәтпаевтың ағасы ерекше құттықтау жасады
instagram.com/d__satpayev/

Дархан Сәтпаев інісін 18 жасымен құттықтады

Бүгін Дастан Сәтпаев кәмелет жасына толды. Осы айтулы күнге байланысты оның отбасы мүшелері әлеуметтік желі арқылы құттықтауларын жолдап жатыр.

Бұл жолы футболшыға ағасы Дархан Сәтпаев арнайы жазба арнады. Ол Instagram Stories парақшасында Дастанның кішкентай кезіндегі архивтік фотосын жариялады.

“Туған күніңмен, қаным бір бауырым”, – деп жазды Дархан Сәтпаев.

Жарияланған суретте Дастанның бала кезі бейнеленген.

Сәтпаевты отбасы мүшелері құттықтап жатыр

Бұған дейін Дастан Сәтпаевты анасы Мәдина Сәтпаева мен інісі Темірхан Сәтпаев та туған күнімен құттықтаған. Олар да Instagram желісінде футболшымен бірге түскен ескі суреттерін бөлісіп, Дастанға жүрекжарды тілектерін арнады.

Осылайша қазақстандық шабуылшы 18 жасқа толып, өміріндегі жаңа кезеңге қадам басты.

Жарнама
Жарнама