ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Шавкат Рахмонов әкесіне арнап ас берді

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов марқұм болған әкесін еске алуға арналған асқа қатысты.

Шавкат Рахмонов әкесіне арнап ас берді
Instagram/@shavkatrakhmonov94

Қарағандыда ас берілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері әлеуметтік желідегі парақшасында Қарағандыда өткен еске алу жиынынан видео жариялады.

Кадрлардан Шавкат Рахмоновтың дастархан басында отырмағанын, залдағы көпшіліктің алдында тұрғанын байқауға болады. Еске алу асы қазақы дәстүрге сай ұйымдастырылған.

Әкесі 2 тамызда өмірден өтті

Файтердың әкесі Бақтыбай Алпамысов 2 тамызда 66 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Бұл кезеңде Шавкат Рахмонов тізесіне жасалған операциядан кейін қалпына келіп, оңалту курсынан өтіп жүрген. Файтер отбасының қайғысына байланысты көпшілік алдында арнайы мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан қаралы хабар бастапқыда тек жақындары мен айналасындағы адамдарға белгілі болған.

Соған қарамастан Рахмонов көп ұзамай көпшілік алдына шықты. 8 тамызда Бейжіңде өткен Naiza промоушенінің турниріне қатысты.

Әкесінің қазасы туралы ақпарат кейін тарады

Бақтыбай Алпамысовтың қайтыс болғаны туралы хабар халықаралық ММА қауымдастығына бір аптадан кейін кеңінен тарай бастады. 9-10 тамыз күндері әлеуметтік желілерде еске алу асы туралы ақпарат жарияланып, кейін бұл мәліметті Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров растады.

Осыдан кейін шетелдік ММА парақшалары мен қауымдастықтары қазақстандық файтерге көңіл айтып, оның отбасына қолдау білдірді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Шавкат Рахмоновқа әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдағаны хабарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.