Еркебұлан Тоқтар "Ахиллес" кейпіне енді
Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар ерекше фотосессиясымен жанкүйерлерінің назарын аударды.
Қазақстанда танымал файтер Еркебұлан Тоқтар Instagram парақшасында жаңа фотосессиядан бірнеше кадр бөлісті. Суреттерде Еркебұлан Тоқтар Гомердің көне грек шығармаларындағы әйгілі қаһарман Ахиллес бейнесін сомдаған.
Фотосессиядағы ашық түсті шаш үлгісі мен жалпы образға қарап, қазақстандық спортшы 2004 жылы жарық көрген "Троя" фильміндегі Брэд Питтің кейіпкерінен шабыт алғанын байқауға болады. Голливуд актері аталған тарихи кинода Ахиллестің рөлін сомдаған еді.
Тоқтар жарияланымына әзіл аралас қысқа ғана:
"Питт Бредд", — деп жазды.
Тоқтардың соңғы жекпе-жегі қалай аяқталды?
Еркебұлан Тоқтар соңғы кездесуін 4 шілдеде Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде өткізді.
Ол ресейлік Артем Тарасовпен кездесіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Келесі қарсыласы кім?
Еркебұлан Тоқтардың келесі ресми жекпе-жегі 28 тамызда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Бұл жолы қазақстандық спортшы кәсіпқой бокс ережесі бойынша жұдырықтасады. Оның қарсыласы – өзбекстандық файтер әрі блогер Бобиржон "Испанчик" Исроилов.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.