Жарнама
Жарнама
Елена Рыбакина жаңа махаббатын таныстырды
instagram.com/lenarybakina/

Елена Рыбакина жаңа махаббатын таныстырды

Қазақстандық теннисші әлеуметтік желіде Тоби есімді күшігінің суретін жариялады.

Рыбакина бөліскен фотода күшік көлік салонындағы жануар тасымалдауға арналған арнайы сөмкеде отыр. Теннисші суретке "Үйге қош келдің, Тоби" деп жазып, үш жүрек белгісін қосқан.

Қазір Елена Рыбакина жарыстардан үзіліс алып, Дубайдағы үйінде жүр. Ол жақында Қытайдың Ухань қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирге қатысудан бас тартуға мәжбүр болған.

Қазақстандық теннисші маусымның қорытынды жарысы – WTA Finals турниріне жолдамасын ресми түрде әлдеқашан иелік алған. 

Турнир 8–15 қараша аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында өтеді. 

Жарнама
Жарнама