бокс
Әйелдер құтқарды: ерлер өзара кездесудің бәрінде бокстан Өзбекстаннан жеңілді
Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының кездесуі әртүрлі нәтижемен аяқталды: ерлер жеңіліс тапса, қыздарымыз жеңімпаз атанды.
Жәнібек Әлімханұлы Қазақстаннан келесі әлем чемпионы кім болатынын атады
Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста жеңіске жеткен жас боксшы Бек Нұрмағанбеттің болашағына үлкен сенім білдірді.
Бір қадам қалды: Қазақ боксшылары жартылай финалда кімдермен айқасады?
Сегіз бірдей боксшымыз "алтынға" тағы бір қадам жақындай түсті.
Бокс тарихындағы ең қымбат түн: Альварес пен Кроуфордтың табысы қандай?
13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы тарихи бокс кешінің гонорарлары белгілі болды. Мексикалық жұлдыз рекордтық 150 миллион доллар табыс тапса, америкалық қарсыласы өз мансабындағы ең ірі сыйақысын алады.
Қазақстандық боксшы күтпеген жерден ӘЧ-ның басты сенсациясына айналды
Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының негізгі үміттерінің бірі Бекзат Нұрдәулетов күтпеген жерден жарыстан шығып қалды. Ол 1/8 финалда грузин Георгий Кушиташвилиге 2:3 есебімен есе жіберді.
World Boxing қазақ дербиіне баға берді
Ливерпульдегі әлем чемпионатында отандасымыз Нұрбек Оралбай этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханмен айқасып, сенімді жеңіске жетті.
13 қазақстандық боксшы ширек финалда: Ливерпульде қазақтар басымдыққа ие бола ала ма?
10 қыркүйек, сәрсенбі күні Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында бірден 13 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Турнир шешуші кезеңге – ширек финалға жетті.
«Ұйықтатып тастаймын»: Жәнібек Әлімханұлына сес көрсетті
Орта салмақтағы WBC чемпионы қазақстандық боксшымен жекпе-жекке шықса, нокаутқа жіберетінін жасырмай айтты.
Сабырханның камбэгі, алты жеңіс және бір тосын жеңіліс: Қазақстан ӘЧ бесінші күнін қорытындылады
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты кезекті қызықты күнге куә болды. Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері рингке жеті рет шығып, алтауында жеңіске жетті. Бір боксшымыз күтпеген жерден турнирден тыс қалды.
ӘЧ-2025: Гүлсая Ержан ширек финалға шықты (ВИДЕО)
Айқас 3:2 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді.
Бүгін жеті боксшымыз Ливерпуль шаршы алаңына көтеріледі
8 қыркүйек, дүйсенбі күні Қазақстан ұлттық құрамасының жеті бірдей боксшысы World Boxing ұйымы ұйымдастырған әлем чемпионатында шаршы алаңға шығады.
Нұрбек пен Махмұд шығады: Бүгін Қазақстанның 5 боксшысы ӘЧ-да бақ сынайды
Сабырхан, Оралбай, Зейнуллинов, Ибрагимова және Богданова ел намысын қорғайды.
Назым Қызайбай сәндік журнал фотосессиясында жаңа қырынан танылды (ФОТО)
Қазақстан әйелдер боксы құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жанкүйерлерін күтпеген бейнесімен қуантты.
Головкин ұлттық құрама боксшыларымен кездесті
Әлем чемпионаты қарсаңында Ливерпульде Қазақстан құрамасының боксшыларына Геннадий Головкин арнайы келіп, қолдау білдірді.
Бүгін Қазақстан атынан шаршы алаңға кімдер шығады?
Penalty.kz сіздерге бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатынан күн сайын жаңарып отыратын жекпе-жек кестесін ұсынады.
Әлем чемпионаты: бүгін рингке 2 боксшымыз шығады
Англияның Ливерпуль қаласында бүгін бокстан әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні басталады.
Өзбекстанмен айқас. Назым Қызайбай бастаған қазақ қыздары алғашқы қарсыластарын таныды
Ливерпульде (Англия) өтетін алғашқы World Boxing ұйымы аясындағы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Бокстан әлем чемпионатындағы қарсыластарымыз анықталды
Бокстан 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін жаһандық доданың жеребесі тартылды.
Бокстан әлем чемпионатын қандай телеарна көрсетеді?
Ливерпульдегі чемпионатты қазақстандық жанкүйерлер Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. Бұл туралы ақпарат ұлттық арнаның ресми Instagram парақшасында жарияланды.
Головкиннің "інісі" мансабындағы мақсатымен бөлісті
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов 5 қыркүйекте Алматыда рингке қайта шығып, танзаниялық Джозеф Майгвисиямен кездеседі.