Қазақстан әйелдер теннис құрамасы Billie Jean King Cup іріктеу матчтарына дайындық барысында Брисбен қаласындағы зообақты аралап қайтты.
Ойыншылар мен бапкерлер құрамы Австралияның ең танымал жануарлары — коала мен кенгурумен танысып, естелікке суретке түсті. Зообақтағы серуен спортшыларға сәл де болса сергіп, алдағы ойындарға дайындықты көңілді жалғастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан құрамасы 10 сәуір күні Billie Jean King Cup іріктеу кезеңін Австралияға қарсы матчпен бастайды. Бұл кездесу қыздарымыз үшін маңызды сынақ болмақ. Ал 11 сәуірде Юрий Щукиннің шәкірттері Колумбия құрамасымен кортта кездеседі.
Қазақстан әйелдер құрамасының сапында мықты ойыншылар бар. Олардың қатарында: