Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Австралияны ойсырата жеңді.
Қазақстан құрамасы әлемнің командалық чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу кезеңін сенімді жеңіспен бастады. Брисбен қаласында өткен алғашқы матчта Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 23-орында) Австралия өкілі Майя Джойнтпен (78-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:2, 6:1.
Матч бар болғаны 1 сағат 15 минутқа созылды. Путинцева қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, Қазақстанға алғашқы ұпайды әкелді.
Келесі матчта кортқа әлемнің үздік ондығына енген Елена Рыбакина (10-орын) және жергілікті теннисші Кимберли Биррелл (61-орын) шығады. Бұл кездесуде де қазақстандық жанкүйерлер үлкен үміт артып отыр.
Айта кетейік, Қазақстан мен Австралиядан бөлек, Колумбия құрамасы да бұл топта бақ сынайды. Үш ұлттық құрама арасынан тек біреуі финалдық кезеңге жолдама алады. Бұл кезең — әйелдер арасындағы әлем чемпионатының мәртебесіне ие дода.