Жарты жылсыз кортқа оралмауы мүмкін! Гулиннің басы бәлеге қалды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.04.2025, 17:10

Оқыс оқиға Испаниядағы турнир кезінде болды. 

sports.ru

Ресейлік теннисші Святослав Гулинннің басы дауға қалды. Ол алты айға дейін жарыстардан шеттетіліп қалуы мүмкін. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Турнир кезіндегі оғаш әрекет

Святослав Гулин ITF M25 сериясындағы Испанияда өткен жарыс кезінде жергілікті теннисші Алехо Санчес-Килеспен (ATP рейтингінде 596-орында) матч өткізіп жатқан сәтте спорттық этикаға сай келмейтін әрекет жасап, көпшіліктің наразылығын тудырды.

Оқиға әлеуметтік желілер мен шетелдік басылымдарда кеңінен талқыланып, испандық телеарналарда да көрсетілді.

Командасы не дейді?

TBN Tennis Team командасының өкілі Леонид Шейнгезихт Telegram арнасында былай деді:

«Кеше Святославқа қатысты оқиға қарқынды тарап кетті. Барлық ресейлік және шетелдік пабликтер жазды. Бүгін ол кешірім сұрап, ITF-ке ресми түрде хат жолдайды. Алты айға дейін дисквалификация қаупі бар».

Не болады?

Қазір ITF (Халықаралық теннис федерациясы) тарапынан бұл оқиғаға байланысты тергеу басталды. Егер Гулиннің әрекеті спорттық этикаға қайшы деп танылса, оған бірнеше айға жарыстардан шеттетілу қаупі төнуі мүмкін.

Айта кетейік, Святослав Гулин – әлемдік рейтингте 407-орында тұрған кәсіби теннисші.