Отандасымыз Мадридте өтіп жатқан WTA турнирі аясында гольфте бағын сынады.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA турнирі аясында теннис емес, басқа спорт түрінде бағын сынады. Ерекше сәт турнир ұйымдастырушыларының арнайы тапсырмасы негізінде өтті.
ATP және WTA турнирлерінің қатысушыларына гольф ойнау ұсынылған. Спортшылар теннис кортынан уақытша шығып, гольф алаңында бақтарын сынады. Олардың қатарында Қазақстан атынан өнер көрсететін Елена Рыбакина да болды.
Еске салайық, Рыбакина Мадридтегі турнирдің үшінші кезеңінде жарыстан шығып қалды. Ол украиналық Элина Свитолинаға (WTA №17) 3:6, 4:6 есебімен жол берді. Қазіргі таңда Елена WTA рейтингінде 11-орында тұр.
Свитолина турнирдің финалына дейін жетіп, онда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкамен (Беларусь) кездеседі.
Гольф — Рыбакина үшін тек ойын-сауық әрі қысқа уақыттық демалыс. Бұл оның тенниспен қош айтысқаны емес, турнир аясындағы ұйымдастырушылық акцияның бір бөлігі ғана.