Италиялық теннисші Янник Синнер өз мансабында алғаш рет Уимблдон турнирін жеңіп алды. Ол финалда испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы кортқа шығып, төрт сет нәтижесімен басым түсті — 4:6, 6:4, 6:4, 6:4,
ATP рейтингінде 1-орында тұрған Янник Синнер үшін бұл Уимблдондағы алғашқы чемпиондық титул болды. Бұған дейін оның ең үздік нәтижесі — 2023 жылғы жартылай финалмен шектелген еді.
Синнер — 23 жаста. Ол осы маусымда тұрақты әрі сенімді ойынымен ерекшеленіп, беделді турнирдің басты фавориті саналған болатын. Финалдағы жеңісімен бұл болжамды толық ақтады.
Карлос Алькарас (ATP №2) бұл финалға қорғаушы чемпион ретінде келген еді. Өткен жылы ол финалда Новак Джоковичті (ATP №6) сенімді түрде ұтып, Уимблдонда тарихи жеңіске жеткен — 6:2, 6:2, 7:6.
2023 жылы Алькарас Уимблдонды алғаш рет жеңіп алған еді. Алайда биыл ол атағын сақтай алмады.